«Барыс» «Металлургқа» қарсы матчта жеңіс есебін сақтай алмады

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» өз алаңында магнитогорскілік «Металлургты» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық клубтың құрамы: Шутов (Шестаков), Бекетаев (А) — Данияр (А), Сетдиков — Николишин (К) — Жафяров, Диханбек — Хохлов, Мұратов — Рахманов — Савицкий, Королёв — Гайтамиров, Қайыржан — Өмірбеков — Бурдасов, Жүсіпбеков — Оразов, Симонов — Шульга — Ляпунов.
Бірінші кезеңде Михаил Рахманов есеп ашып, алаң иелері алға шықты. Алайда екінші кезеңде Алексей Маклюков пен Андрей Козлов «Металлургті» алға шығарды. Үшінші кезеңде Денис Зернов шешуші гол соғып, ресейлік команда жеңіске жетті — 1:3.
Осылайша, «Барыс» 56 ойыннан кейін 29 ұпай жинап, Шығыс конференциясының соңғы, 12-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или