Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореяға жол берді

Футболдан Қазақстан құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында екінші жолдастық матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстанның қарсыласы Солтүстік Корея болды. Бұл Әли Әлиевтің құрама бас бапкерінің міндетін атқарушы ретінде екінші матчы.
Қазақстанның құрамы мынадай болды: Жомарт, Хасейн, Нәбиханов, Мужиков, Жақсыбаев, Жақсылықов, Жұмашев, Есімбеков, Мұхамед, Жагоров, Қараман.
Бұл матчта Солтүстік Корея жауапсыз екі гол соқты. 70-минутта есеп ашқан, кейін матчтың соңғы секундтарында қарымта шабуылдан кейін ойын нүктесін қойды.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы өзбекстандық «Локомотивпен» тең түскен болатын.
Енді Әли Әлиевтің шәкірттері наурызда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуін бастайды. Алғашқы матчы сырт алаңда Уэльске қарсы өтеді, кейін Лихтенштейнмен күш сынасады.