ҚПЛ клубы «Спартактың» экс-ойыншысын қатарына қосты

Жезқазғандық «Ұлытау» 31 жастағы ресейлік қорғаушы Георгий Бугуловпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.
Георгий өз карьерасында ресейлік «Спартак» Владикавказ, КАМАЗ және «Дружба», грузиялық «Рустави» мен молдавалық «Сперанца» сапында ойнады. 2023 жылғы маусымда ақтаулық «Каспий» сапында 19 матчқа қатысып, 1 гол соқты.
31 жастағы футболшы былтыр беларусьтік «Славия-Мозырь» сапында ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или