Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысады

Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz
17-25 мамыр аралығында Қатарда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Әлем біріншілігінде медальдар жекелей сында, ерлер мен әйелдер жұптық жарысында, сондай-ақ аралас жұптар сайысында сарапқа салынады.
Жекелей жарыста 128 теннисші (оның ішінде 32 іріктелген ойыншы) бақ сынайды, ал жұптық сайыстарға 64 жұп (16 іріктелген жұп) қатысады.
Қатарда Қазақстан намысын Кирилл Герасименко (жекелей сын), Сарвиноз Миркадирова мен Зауреш Акашева (жұптық сын) қорғайды.
Айта кету керек, іріктеуден өткен кейбір спортшы әлем чемпионатына қатысудан бас тартса, Қазақстанның қосымша ойыншылары да бұл жарысқа қатысуы мүмкін.
Дереккөз: olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или