Алматыда семсерлесуден өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңі өз мәресіне жетті

Қазақстандық семсерлесушілер Алматыда өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде бес жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап
Жарысқа 13 елден 100-ден астам спортшы қатысты.
Қазақстан құрамасы өз жерінде өткен турнирде бес медаль жеңіп алды.
Жекелей сында Нұрмұхаммед Жайлыбай күміс жүлдегер атанса, Әдемі Серікбай мен Қайназар Нұрқатұлы қола медаль иеленді.
Командалық сайыста қазақстандық жігіттер алтын, ал қыздар күміс медаль еншіледі.
Дереккөз: olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или