Жолдастық матч. 17.02.2025. Қазақстан - КХДР. Тікелей трансляция

Дүйсенбі, 17 ақпанда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Белекте (Түркия) оқу-жаттығу жиынында КХДР құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан - КХДР матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Бұл Қазақстан құрамасының Әли Әлиевтің жетекшілігіндегі екінші ойыны болмақ. Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы ойында құрама Өзбекстанның «Локомотивімен» кездесті - ойын 1:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының сапындағы жалғыз голды «Қайсардың» шабуылшысы Айбар Жақсылықов соқты.
Еске салайық, қазақстандық футболшылар 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің басталуына дайындалып жатыр. Топта Қазақстан Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамаларына қарсы ойнайды.