«Ақтөбе» сербиялық ойыншымен келісімшартқа отырды

«Ақтөбе» сербиялық ойыншымен келісімшартқа отырды

«Ақтөбе» 28 жастағы сербиялық шабуылшы Джордже Ивковичпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақтөбеге» ауысқанға дейін Ивкович Солтүстік Македонияның «Академия Пандева» клубында ойнаған. Осы маусымда сербиялық команда сапында 17 матч өткізіп, тоғыз гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, «Ақтөбе» Джордже Ивковичтің кәсіпқой мансабындағы алғашқы қазақстандық клубы емес 2022 жылдың шілдесінде ол «Ақжайықпен» келісімшартқа отырды, бірақ екі айға жетпей ол командадан бірде-бір матч өткізбей кетті. Transfermarkt.de сайты Ивковичті 400 мың еуроға бағалайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или