Қазақстан әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Миланда (Италия) өткен әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Эстафеталық жарыста қазақстандық спортшылар марапатталды. Ел қоржынына қола жүлдені Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко және Әділ Галиахметов жеңіп алды.
Италия бірінші орынды иеленді. Канада екінші болды.
Айта кетейік, 2025 жылғы Азия ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер алтын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или