Рамазан Оразовтың командасы өз алаңында жеңіліп қалды

Рамазан Оразовтың командасы өз алаңында жеңіліп қалды

Футболдан Дания чемпионатының 18-турында «Силкеборг» өз алаңында «Вейлемен» ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде 0:1 есебімен «Вайле» жеңіске жетті.

«Силкеборгтың» жартылай қорғаушысы қазақстандық Рамазан Оразов бүкіл матчты қосалқы құрамда өткізді.

Осылайша, 18 матчтан кейін «Силкеборг» 26 ұпай жинап, Дания Суперлигасының турнирлік кестесінде алтыншы орында келеді. Тоғыз ұпайы бар «Вайле» соңғы, 12-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или