«Нефтчи» Ислам Чесноковты өз қатарына қосқысы келеді

Әзірбайжанның ең титулды клубтарының бірі бакулік «Нефтчи» Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноковтың кандидатурасына қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әзербайжанның тоғыз дүркін чемпионы қостанайлық «Тобылмен» байланысқа шығып, клубты қанағаттандыратын тиімді сатып алу ұсынысын жасады, бірақ Чесноковтың өзі Батыс чемпионаттарының біріне кетуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін шотландиялық «Хартс» 25 жастағы Чесноковты бақылап жүргені белгілі болғанымен, «Тобыл» Эдинбург клубы ұсынған шарттарға қанағаттанбады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или