«Арлан» мен «Бейбарыс» хоккей клубтары арасындағы матч жаппай төбелеске ұласты (видео)

«Арлан» мен «Бейбарыс» хоккей клубтары арасындағы матч жаппай төбелеске ұласты (видео)

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатында көкшетаулық «Арлан» клубы мен Атыраудың «Бейбарыс» командасы арасындағы матч жаппай төбелеске ұласты. Бірнеше спортшы полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде «Арлан» мен «Бейбарыс» хоккей клубтары арасындағы матчта болған жаппай төбелестің кадрлары жарияланып жатыр. Instagram желісіндегі «Головой об лед» аккаунтында клубтардың жаттықтырушыларының жанжалға қатысқаны айтылып, аренадан видео жарияланды.

«Қорытынды сиренадан кейін бірден клубтардың жаттықтырушылары жанжалдаса бастады, бұл ойын трансляциясында байқалып қалды! Артынша жанжалға ойыншылар қосылды, ең таңғаларлығы, қызметкерлер де жанжалға араласып кеткен! Атырауда көптеген жанкүйер түсірген кадрларда қызметкерлердің бірі (қай клуб екені белгісіз) ойыншыларды тыныштандырудың орнына, жерде жатқан ойыншыны соққыға жыққанын көруге болады», – делінген хабарламада.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или