«Барыс» – «Лада». Аутсайдерлер дербиінде кім жеңіске жетеді?

«Барыс» – «Лада». Аутсайдерлер дербиінде кім жеңіске жетеді?

15 ақпанда Астанада Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында «Барыс» - «Лада» матчы өтеді. Бұл кездесуде интрига көп емес. Алаң иелері Гагарин кубогына шығу мүмкіндігінен ресми түрде айырылған. Ал қонақтарда плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі теориялық тұрғыда ғана бар. Команда Шығыс конференциясында 8-орында тұрған «Адмиралдан» 16 ұпай қалып келеді, тұрақты маусымның аяқталуына 15 тур ғана қалғанын ескерсек, «Ладаның» мүмкіндігі өте төмен.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.

Бұл кездесудің басты интригасы - аса сәтсіз маусым өткізіп жатқан «Барлық» өз жанкүйерлерінің алдында жеңіске жетіп, жергілікті жұртты қуантқысы келеді.  Ал «Лада» ойыншылары лайықты өнер көрсетіп, өздерінің ҚХЛ деңгейінде бақ сынауға лайық екенін дәлелдеуге күш салады. 

Қос қарсылас 2024/2025 жылғы ҚХЛ маусымында екі рет кездескен. «Барыс» өз алаңында – 0:5, Тольяттиде 1:0 есебімен жеңілді. Екі матч та қаңтар айының басында өтті. Қазақстандық клуб бұл қарсыластың қақпасына екі матчта бірде-бір шайба соға алмады. Елордалықтар осы олқылықтың орнын толтыруға тырысады.

Психологиялық тұрғыда қонақ команданың ойыншылары айтарлықтай артықшылыққа ие – «Барыс» олармен матчтарда шайба соға алмағанын ескерсек, бұл қарсыластың алдында белгілі бір комплекс қалыптастыруы мүмкін. Бірақ сенбі күні алаң иелері сәтсіз серияға нүкте қоятын шығар.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы «Барыстың» жеңісіне – 4.65 коэффициент,  «Ладаның» жеңісіне – 1.65 коэффициент ұсынып отыр. Бұл қазақстандық команданың матчта аудсайдер екенін көрсетеді. Ал матч негізгі уақытта тең аяқталады деген бәске – 4.55 коэффициент берген. 

Сондай-ақ, алаң иелері овертаймда жеңіске жетеді деген бәске – 14.00, буллит сериясында жеңеді дегенге – 13.00 коэффициент ұсынған. Ал қонақтарға қатысты дәл осындай бәс тіксеңіз, тиісінше –10.00 және 13.00 коэффицент болады. «Барыс» шайба соғады: иә – 1.15, жоқ – 4.75 коэффициент ұсынып отыр.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или