Шавкат пен Белал жекпе-жегі қашан және қайда өтеді?

Қазақстандық UFC файтері Шавқат Рахмоновтың (19-0) америкалық чемпион Белал Мұхаммадқа қарсы өтетін титулды жекпе-жегіне қатысты жаңа мәліметтер шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
CBS News және Yahoo Sports журналисі Рубен Картердің мәліметінше, қазақстандық спортшы мен UFC жартылай орта салмағының көшбасшысы арасындағы титулды кездесу 10 мамырда Канада, Монреаль қаласында өтетін UFC 315 турнирінде жоспарланған.
Бұған дейін Мұхаммад Рахмоновқа қарсы жекпе-жек өткізу үшін мамыр-маусым айларын ең қолайлы уақыт деп атаған болатын.
Еске сала кетейік, Шавқат Рахмонов пен Белал Мұхаммад арасындағы жекпе-жек 2024 жылы желтоқсанда өтуі тиіс еді, алайда америкалық файтер жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Оның орнына Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрримен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен болатын.
BREAKING NEWS 🚨
— 𝙍𝙐𝙀𝘽𝙀𝙉 𝘾𝘼𝙍𝙏𝙀𝙍 🥇 (@realruebenking) February 13, 2025
Belal Muhammad vs Shavkat Rakhmonov is targeted for #UFC315 in Montreal Canada. pic.twitter.com/pFMLK5JrBi