Рыбакинаны жеңген теннисші ірі есеппен жеңіліп қалды

Рыбакинаны жеңген теннисші ірі есеппен жеңіліп қалды

Латвиялық теннисші, әлемнің 37-ракеткасы Елена Остапенко Дохадағы (Катар) WTA-1000 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда латвиялық спортшы әлемнің екінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекті жеңді.

Айта кетейік, Швентек осы турнирдің ширек финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны жарыстан ұшырып жіберген болатын. Остапенко мен Швёнтек арасындағы кездесу 6:3, 6:1 есебімен аяқталды.

Қызықты жайт – әлемнің 37-ракеткасы Остапенко Швентекті қатарынан бесінші рет жеңді (жеке кездесулер есебі – 5:0).

Айта кету керек, финалда еленген спортшылар ғана өнер көрсетеді. Остапенконың финалдағы қарсыласы ресейлік Екатерина Александрова мен америкалық Аманда Анисимова арасындағы матчтан кейін анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или