UFC Fight Night 252 турнирінде үш жекпе-жек өтпейтін болды

UFC Fight Night 252 турнирінде үш жекпе-жек өтпейтін болды

39 жастағы бразилиялық файтер, жеңіл салмақтағы UFC ардагері Эдсон Барбоза 22 ақпанда Сиэтлде (АҚШ) өтетін UFC Fight Night 252 турниріне қатыса алмайды. Бұл турнирде ол америкалық Стив Гарсиямен кездесуі керек еді, деп хабарлайды Prosports.kz.

MMA Fighting порталының мәліметінше, Барбоза жекпе-жекке дайындықтың соңғы кезеңінде жарақат алған.  

Айта кетейік, бұл турнирден бас тартқан үшінші жұп болды. Бұған дейін файткарттан Роб Фонт пен Доминик Круздың жекпе-жегі, сондай-ақ Кёртис Блэйдс пен Ризван Куниевтің кездесуі алынып тасталды. Олар жекпе-жектерін UFC 313 турниріне ауыстырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или