Астанада футбол ойнап жүрген жігіт қақпаның астында қалып мерт болды

Астанада жабық спорт кешенінде доп теуіп жүрген ер адамның үстіне футбол қақпасы құлап, көз жұмғаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап
Желіде таралған мәліметке сүйенсек, Астанадағы «Достық Арена» спорт кешенінде болғаны айтылған. Кадрға мән берсек, қақпашы болып тұрған жігіт екі қолымен тартылып, аяғын жоғары көтере берген сәтте темір қақпамен бірге жерге құлап, астында қалды.
Ер адам оқиға орнында көз жұмғаны әрі оның 25 жаста екені айтылды.
Редакция қазіргі уақытта Астана қаласының Полиция департаментіне істің мән-жайы туралы ресми сұрау салды.
Дереккөз: 1bol.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или