«Шахтер» жолдастық матчта өзбекстандық клубтан ұтылды

«Шахтер» жолдастық матчта өзбекстандық клубтан ұтылды

Қарағандылық «Шахтер» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында Өзбекстанның «Әндіжан» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 0:2 есебімен өзбек командасының пайдасына аяқталды.

Қарағандылықтар матчқа келесі құраммен шықты: Шацкий, Габышев, Керімжанов, Мигунов, Саидов, Манчжур Д., Оспанов, Мұхаметжанов, Нұрмұғамед, Алтынхан, Тәттібаев. Қосалқы құрамда: Лошкарев, Еркінбек, Зубайділда, Жанхаев, Мирас Д., Савкив, Асылбаев, Захаренко, Нүсіп.

«Шахтер» екі дүркін чемпион (2011, 2012) және 2013 жылғы Қазақстан кубогының иегері. Өткен маусымның қорытындысы бойынша қарағандылықтар ҚПЛ турнирлік кестесінде соңғы орынды иеленіп, тарихта алғаш рет жоғарғы дивизионнан шықты.

Әндіжандық клуб үш дүркін чемпион (2005, 2018, 2022) және Өзбекстан кубогының қазіргі иегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или