Қысқы Азия ойындары: Қазақстандық спортшылардың бүгінгі нәтижесі

Қысқы Азия ойындары: Қазақстандық спортшылардың бүгінгі нәтижесі

13 қаңтар, Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындары ашылу салтанатынан кейінгі алтыншы жарыс күнін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін, Ябули тау-шаңғы курортында өткен бәсекелердің қорытындысы бойынша ел қоржыны екі медальмен толықты.

Нақтырақ айтсақ, биатлоннан әйелдер арасында 6 шақырымға эстафетадан ел құрамасы сапында Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова және Елизавета Белецкая жарыс жолына шықты.

Жарыс қортындысында Қазақстан қыздар құрамасы 1 сағат 30 минут 01.9 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын үшінші болып кесті. Қытай және Оңтүстік Корея құрамасы тисінше алтын және күміс медальды өзара бөлісті.

Ерлер арасында 7.5 шақырымға сырғанаудан командалық эстафетада Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев ел құрамасы сапында сынға түсті. 

Жарыс қортындысы бойынша жігіттер 1 сағат 25 минут 18.7 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын екінші болып кесті.

Керлингтен Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңнің соңғы матчында қытайлық Гонконг құрамасымен шеберлік байқасты. Ел құрамасы сапында Ангелина Эбауэр, Тилсимай Аллиярова, Екатерина Колыхалова және Мерей Тастемір жарыс жолына шықты.

Қортындысында, қыздарымыз 6:3 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Керлингтен ерлер құрамасы шешушы матчта қытайлық Гонконг құрамасына есе жіберіп, келесі кезеңге өте алмады.

Хоккейден ерлер арасында жартылай финалдық ойында ел құрамасы жарыс қожайыны Қытайдан 3:1 есебімен басым түсіп, финалға өтті.

Ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарламада өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров 169.26 ұпай жинап, үшінші орынан көрінді.

Сонымен қатар, осы бағдарламада өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық спортшы Диас Жиренбаев 120.62 ұпай жинап, 9-орынға жайғасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или