«Барыс» СКА командасына жол берді

«Барыс» СКА командасына жол берді

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасында кезекті матчтары өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астанадағы «Барыс-Аренада» 3800 көрерменнің (сыйымдылықтың 32 пайызы) алдында «Барыс» Санкт-Петербургтің СКА командасын қабылдады.

Үшінші кезеңнің ортасына дейін есеп 2:3 болды («Барыс» сапында Батырлан Мұратов пен Никита Сетдиков көзге түсті), бірақ кейін қонақтардың шеберлігі өз әсерін тигізді.

Нәтижесінде СКА 2:5 (1:2, 0:1, 1:2) есебімен басым түсті.

Шайбалар:
1:0 — 11:06 Муратов
1:1 — 16:14 Воробьёв (Алистров, Педан)
1:2 — 17:54 Сапего (Демидов, Никишин)
1:3 — 24:37 Григоренко (Хайруллин, Педан)
2:3 — 43:17 Сетдиков (Жафяров, Хохлов)
2:4 — 51:31 Хайруллин (Кузьмин, Воробьёв)
2:5 — 53:33 Кузьмин (Короткий, Дедунов)

Қақпашылар: Бояркин — Заврагин

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или