«Тараз» клуб түлектерін қатарына қосып жатыр

«Тараз» клуб түлектерін қатарына қосып жатыр

«Тараз» футбол клубы өзінің түлектерін қайтаруды жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап. 

Төмендегі футболшылар биылғы футбол маусымының соңына дейін клубпен келісім шартқа қол қойды:

Ерасыл Кеулімжай, Мүслім Жұмат, Азамат Ерден, Әділет Өмей, Санжар Кемелбек, Диас Лесбек, Мадияр Мергенбаев, Мирас Жақсымбетов, Мерей Жамбыл, Еркебұлан Рахметулла, Жандос Өмірзақов, Темірлан Төребек. Ал Нұрдәулет Орынбасар, Димаш Серікұлы және Абзал Мұқанбетжановтардың келісімшарттары былтыр бірден екі жылға жазылған. Команда бас бапкерінің міндетін атқарушы Нұркен Мазбаев әлі бірқатар ойыншы команда құрамын толықтырады дейді. 

«Қаралымда жүрген жас ойыншылармен қатар тәжірибелі футболшылар да бар. Әлішер Сүлей, Жақып Қожамберді, Мадияр Нұралы және Бектас Нұрдәулет командамен жаттығуда. Сондай-ақ QJ League командаларынан бірнеше ойыншыны қарастырудамыз. Жаңа футболшыларды тіркеу үшін салынған тыйымды алу мәселесі реттелсе, құрамды күшейту жоспарымызда бар», — деді Н. Мазбаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или