Қазақстанның ерлер хоккей құрамасы финалда Жапониямен кездеседі.

Қазақстанның ерлер хоккей құрамасы финалда Жапониямен кездеседі.


Қысқы Азия ойындарында кезекті жарыс күні аяқталып, ерлер арасындағы хоккейдің жартылай финалдық матчтары өтті.

Қазақстан құрамасы Қытайды 3:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Ал біздің қарсыласымыз Жапония мен Оңтүстік Корея арасындағы ойыннан кейін анықталды.

Буллит сериясында Жапония құрамасы 4:3 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты. Қазақстан мен Жапония топтық кезеңде 8 ақпанда кездескен. Ол кезде Олег Болякиннің командасы 4:1 есебімен басым түскен еді.

Финалдық матч 14 ақпан күні Астана уақытымен 11:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или