«АЗ Алкмар» — «Галатасарай». Түркиялық команда сырт алаңда жеңіске жете ала ма?

«АЗ Алкмар» — «Галатасарай». Түркиялық команда сырт алаңда жеңіске жете ала ма?

13 ақпаннан 14 ақпанға қараған түні Еуропа лигасының 1/16 финалы аясында «АЗ Алкмар» мен «Галатасарай» арасындағы алғашқы ойын өтеді. Мұндай ірі турнирдің плей-офф кезеңіндегі алғашқы айналым қашанда интригаға толы болады. 

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.

Екі команданың ішкі біріншіліктегі жағдайы екі түрлі - бірі чемпионаттың үздік үштігіне кірмейді, ал екіншісі өз лигасында көш бастап тұр. Енді қос клубтың жағдайына жеке-жеке тоқталайық. 

АЗ Алкмар

Мартен Мартенс шәкірттері биылғы маусымда Эредивизияның чемпиондық титулына таласпайды. Команда қазір Нидерланды чемпионатының 22 турынан кейін 40 ұпай жинап, турнирлік кестеде 4-орында тұр. Олар көшбасшыдан 11 ұпай қалып қойған.

Бірақ АЗ кейінгі 3 матчта қатарынан жеңіске жетті. Кейінгі ойында өз алаңында «Зволле» командасын оңай жеңді – 2:0.

Ал Еуропа лигасының негізгі кезеңіндегі АЗ нәтижесі мынадай: «Эльфсборг» (3:2), «Атлетик» (0:2), «Тоттенхэм» (0:1), «Фенербахче» (3:1), «Галатасарай» (1:1), «Лудогорец» (2:2), «Рома» (1:0) және «Ференцварош» (3:1). 8 матчта 11 ұпай жинады.

«Галатасарай»

Команда биылғы маусымда да былтырғыдай керемет өнер көрсетіп жатыр. Түркия Суперлигасында 21 матчтан кейін 54 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастап тұр. Басты  бәсекелесінен 3 ұпай ғана озып тұрғанымен, стамбулық команданың чемпион атануға мүмкіндігі мол.

«Галатасарайдың» Түркия чемпионатындағы соңғы ойынында күтпеген жағдай болды. Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов өнер көрсететін «Аданадемирспормен» матч 34-минутта тоқтатылды. Айымбетовтің командасы төрешіге наразы болып, алаңнан кетіп қалды. 

«Галатасарай» Еуропа лигасының негізгі кезеңіндегі нәтижесі мынадай: «ПАОК» (3:1), «Эльфсборга» (4:3), «РФС» (2:2), «Тоттенхэма» (3:2), «АЗ» (1:1), «Мальме» (2:2), «Динамо Киев» (3:3), «Аякс» (1:2). 8 матчта 13 ұпай жинады.

Болжам

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы бұл матчтағы қос команданың мүмкіндігін шамамен тең бағалап отыр. АЗ-дың жеңісіне – 2.52 коэффициент,  «Галатасарайдың» жеңісіне – 2.80 коэффициент ұсынып отыр. Ал матч тең аяқталады деген бәске – 3.54 коэффициент ұсынады.

Сондай-ақ, бұл кездесуде тағы бір назар аударуға тұратын жағдай бар. «Галатасарай» кейінгі 30 матчтың бәрінде гол соғып отыр. Бұл түркиялық клубтың шабуылға бейім екенін көрсетеді. Демек АЗ қақпасынан да саңылау табуы мүмкін. Ендеше бұл ойынға «екі команда да гол соғады деп бәс тігу өте тиімді болмақ». Бұған Tennisi.kz букмекерлік компаниясы 1.5  коэффициент ұсынады.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или