Артем Резниковтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық жеңіл салмақтағы файтер Артем Резников маусым айында октагонға оралғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Metaratings.ru-ға сілтеме жасап.
«Асланбек Бадаевтан (АСА вице-президенті маусым айында жекпе-жек өткізуді сұрадым. Біз онымен сөйлестік, Мүмкін болса 74 келіде жекпе-жек беріңдер дедім. Егер олар жеңіл салмақта жекпе-жекті ұйымдастыра алмаса, онда 71 келіде болады», - деді Резников YouTube-тегі «Вестник ММА» арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Резников пен Раисов арасындағы реванш 8 ақпанда Краснодардағы ACA 183 турнирінде өтті. Бірінші раундта тоқтатылған бұл жекпе-жекте Юсуф техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, BMF (Best Media Fighter) белбеуіне ие болды.
Аралас жекпе-жектен Резниковтың еншісінде 25 жеңіс және тоғыз жеңіліс бар. Раисовтың еншісінде 22 жеңіс және үш жеңіліс бар.