Көкшетаулық клуб сербиялық ойыншыны қатарына қоспақ

Көкшетаулық клуб сербиялық ойыншыны қатарына қоспақ

Никола Цуцкич «Оқжетпес» сапында өнер көрсетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz 

27-жастағы жартылай қорғаушы жаңа маусымда көкшетаулық клубтың креативіне жауапты ойыншының бірі болады. Никола Цуцкичтің премьер-лига клубтарындағы тәжірибесі мол: әр жылдары талдықорғанның «Жетісуы», түркістанның «Тұраны», ақтаудың «Каспиі» мен «Ақтөбе» командаларының намысын қорғаған. 

ҚПЛ-де өнер көрсеткен соңғы ұжымы «Тұран». Сербиялық былтыр премьер-лигада 21 кездесуде доп теуіп, 4 гол салды. Футболшының мансабы өзінің отанында басталған, онда «Младость», «Земун» және «ОФК» Белград сынды командалардың намысын қорғады. 

Transfermarkt.com-да жартылай қорғаушының нарықтық бағасы 300 мың еуро деп көрсетілген.

Дереккөз: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или