Бекзат Алмахан шаршы алаңға оралатын күн белгілі болды

Қазақстандық жауынгер Бекзат Алмаханның шаршы алаңға оралатын күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz
Нидерландылық Eurosport журналисі Марсель Дорфоның ақпаратына сенсек, Бекзат Алмахан 10 мамыр күні Канадада өтетін UFC 315 турнирінде шаршы алаңға оралады. Оның қарсыласы канадалық Брэд Катона ( ММА-да 14-4, UFC-де 4-4) болады.
Катона UFC-де 8 жекпе-жек өткізіп, сегізінде де төрешілер шешіміне дейін жеткен. Яғни, ол қатысқан жекпе-жектер мерзімінен бұрын аяқталмаған.
Бекзат үшін бұл UFC-дегі екінші жекпе-жек болмақ. Ол өткен жылдың наурыз айында Умар Нурмагомедовпен кездескен болатын. Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте ресейлік жауынгер төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или