ҚПЛ клубы ресейлік командамен жолдастық матч өткізеді

ҚПЛ клубы ресейлік командамен жолдастық матч өткізеді

Ярославльдік «Шинник» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында түркістандық «Тұран» командасымен жолдастық матч өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Түркияда өтіп жатқан жиында «Шинниктің» тағы бір бақылау матчындағы қарсыласы анықталды. 14 ақпанда ярославтықтар кешке өзбекстандық «Согдиана» клубымен, таңертең қазақстандық «Тұран» командасымен кездеседі», – деп мәлімдеді ресейлік клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін ярославтық команда Жезқазғанның «Ұлытау» клубымен тең түскен (1:1) болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или