Чемпиондар лигасы: «Фейеноорд» – «Милан» матчының тікелей трансляциясы

Чемпиондар лигасы: «Фейеноорд» – «Милан» матчының тікелей трансляциясы

Роттердамда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында «Фейеноорд» – «Милан» матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпиондар лигасында «Фейеноорд» әр-түрлі ойын көрсетті. «Байер» (0:4) мен «Зальцбургтен» (1:3) жеңіліп, «Манчестер Сити» (3:3) және «Баварияға» (3:0) қарсы керемет матч өткізді.

«Милан» топтық кезеңнің басым бөлігін Паулу Фонсеканың жетекшілігімен өткізді және жақсы нәтиже көрсетті. Әсіресе, «Сантьяго Бернабеуде» «Реалды» 3:1 есебімен жеңуі есте қалды. Бірақ оны алмастырған Сержиу Консейсау командасын бірден 1/8 финалға алып шығу мүмкіндігін пайдалана алмады. Ол үшін «Загребке» қарсы ойында үш ұпай алу қажет еді.

«Фейеноорд» – «Милан» матчының тікелей трансляциясы 13 ақпанға қараған түні Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады. Матчты мына жерден немесе мына сілтеме арқылы көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или