Гийома Трани Қазақстанға ауыспады. Себебі белгілі

Люксембургтік «Дифферданж 03» клубының спорт директоры француз шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Гийом Транидің Қазақстан клубтарына ауысу бойынша келіссөздің егжей-тегжейін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Гийом Трани туралы бізден үш қазақстандық клуб сұрады. Алайда олардың тек біреуі ғана ресми ұсыныс жасады – бірақ олардың ұсынысы соңғы үш жыл бойы чемпионатымыздың үздік ойыншысын жіберуге жеткіліксіз болды. Сондықтан ол бойынша әлі ештеңе шешілген жоқ – бізбен басқа елдің клубтары да футболшы жайлы сөйлесіп жатыр. Қазақстандық клубтардың атауын айта алмаймын, өйткені бұл бейресми әңгіме болды. Тек бір клубтың қазіргі құрамында шетелдік ойыншылардың тым көп болуына байланысты бұл мәселені шеше алмағанын ғана айта аламын. Бірақ олар келесі маусымды күтіп отыр», – деді Мансо Legalbet.kz порталына.
Бұған дейін Траниге екі қазақстандық клубтың қызығушылық танытқаны хабарланған еді. Қаңтар айында футболшы бұл клубтардың «Елімай» мен «Ордабасы» екенін растады.
Трани «Дифферданж 03» сапында 2022 жылдың шілде айынан бері өнер көрсетіп келеді.
2024/2025 маусымында ол люксембургтік клуб сапында 21 матчқа қатысып, тоғыз гол соғып, алты нәтижелі пас берген.
УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде Трани «Ордабасымен» кездесіп, қазақстандық клубқа қарсы екінші ойында гол соғып, нәтижелі пас берген. Алайда екі матчтың қорытындысы бойынша «Ордабасы» келесі кезеңге өткен еді.
Transfermarkt деректері бойынша, француз футболшысының люксембургтік клубпен келісімшарты 2025 жылдың жазы аяқталғанға дейін күшінде.