Усман Дембеле Криштиану Роналдудың рекордын қайталады
![Усман Дембеле Криштиану Роналдудың рекордын қайталады](/11ab360513a4c550fc47959ccad29aaf_96LSDtSiHFIqrgYlNPaEVsvJhsCoCVdK6D0JlyFM.jpg.webp)
Чемпиондар лигасының плей-офф матчтары сериясы 0:3 есебімен аяқталған “Брест” пен “ПСЖ” арасындағы француздық текетіреспен ашылды.
Матчтың үздік ойыншысы дубль жасаған париждіктердің вингері Усман Дембеле атанды. Еске салайық, командалар 1 ақпан күні Франция чемпионатында кездескен болатын. Ол кезде “ПСЖ” Дембеленің хет-тригі арқасында 5:2 есебімен жеңіске жетті. Осы маусымда ол “Брест” қақпасына жеті гол соқты және Криштиану Роналдудан кейін бір команда қақпасына бір науқанда сонша гол соққан алғашқы ойыншы болды. Португалдық форвард 2015/2016 маусымында “Эспаньол” қақпасына 7 доп соққан болатын.
Айта кетейік, француздың бұл рекордты жаңартуға мүмкіндігі бар – 20 ақпанда командалар “Парк-де-Пренс” стадионында қарымта матчта қайта кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или