Әліптің «Зениті» «Спартакты» ірі есеппен ұтты
![Әліптің «Зениті» «Спартакты» ірі есеппен ұтты](https://prosports.kz/storage/images/dd4c6f196a2924bfd85ef9a059dbe7ea_Ivi13VcojdgIH63qJVhaoDZ3VnSQ5lJPF26YUtJp.png.webp)
РПЛ қысқы кубогының финалдық ойыны өтіп, онда мәскеулік «Спартак» пен Санкт-Петербургтің «Зенит» командалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Достық турнирі Абу-Дабидегі (БАӘ) «Әл Нахайян» стадионында өтіп, «Зениттің» 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Бірінші таймның өзінде-ақ петербургтіктер үш гол соқты: Луис Энрике (16-минут), Вендель (28-ші) және Матео Касьерра (32-ші). «Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп 74-минутта алаңға шықты.
Осылайша «Зенит» РПЛ қысқы кубогының жеңімпазы атанды. Турнирге Ресей премьер-лигасының алты клубы қатысты: «Зенит», «Спартак», «Динамо», «Ростов», «ЦСКА» және «Краснодар».
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или