Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко қызметінен кетті

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстан командасының бас бапкері Юрий Мельниченконың қызметінен кеткені белгілі болды.
Бұл туралы Sportbugin.kz тілшісіне арнайы сұхбат берген федерацияның бас хатшысы Димаш Сұлтанов мәлімдеді.
«Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко 2024 жылдың аяғында өз лауазымынан бас тартқысы келетінін айтты. Бірақ, көп ұзамай ұлттық құрамаға кеңесші-бапкер ретінде қызмет көрсетуге дайын екенін жеткізді. Қазіргі таңда ұлттық құраманың тізгінін кімге тапсыру мәселесін Федерация мен Туризм және спорт министрлігі бірлесе талқылауда», — деді Сұлтанов.
Еске сала кетейік, Юрий Мельниченко Париж Олимпиадасының қарсаңында команда тізгінін қолға алған болатын.
Париж Олимпиадасында қазақстандық «классик» Демеу Жадыраев күміс жүлдегер атанды.