Волейбол: «Берел» командасы Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шықты

Волейбол: «Берел» командасы Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шықты

Талдықорған қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының төртінші турында жартылай финалға шыққан екінші команда анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап

Бұған дейін турнир кестесінде жеке-дара көш бастап келе жатқан «Жетісу» (Талдықорған) клубы мерзімінен бұрын жолдама алған еді.

Жартылай финалдың екінші жолдамасына Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ришат Гилязутдинов жаттықтыратын «Берел» (Өскемен) командасы қол жеткізді.

Өскемендіктер соңғы ойынында «Алматыны» 3:0 (25:13, 25:17, 25:13) есебімен оңай жеңіп, 67 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға тұрақтады. Үшінші сатыдағы 63 ұпайы бар «Қуаныш» бүгінгі ойынында «Ару-Астананы» ұтса да, «Берелге» жете алмайды.

Өткен жылғы ел чемпионы «Тұран» кеше ақтөбеліктерден жеңіліп қалғандықтан, бесінші орында қалды. Түркістандықтар бүгін «Қарағандыны» 3:1 (25:20, 25:23, 18:25, 25:21) есебімен ұтқанымен, қарағандылықтар 50 ұпаймен төртінші сатыға табан тіреді. «Тұран» олардан бір ұпайға қалыс қалды.

Дереккөз: kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или