ГЛАВНАЯ
Конькобежный спорт
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында конькимен жүгіруден жарыстар аяқталды
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында конькимен жүгіруден жарыстар аяқталды

2025 жылғы Азия ойындарында конькимен жүгіруден жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz
Соңғы медальдар 1000 метр қашықтықта және командалық із кесу жарыстарында сарапқа салынды.
Ерлер арасында 1000 метр қашықтықта Алтай Жәрдембекұлы тоғызыншы орын алды. Роман Биназаров 11-ші, Артур Галиев 14-ші, ал Никита Важенин 16-шы болып мәреге жетті.
Әйелдер жарысында Надежда Морозова жетінші нәтиже көрсетті. Дарья Важенина оныншы болып келсе, Инесса Шумекова 14-ші, Арина Ильященко 16-шы орынға тұрақтады.
Командалық із кесу жарысында Нұралы Ақжол, Виталий Щиголев және Вадим Якубовский төртінші орын алып, жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады. Ал әйелдер құрамында Надежда Морозова құлап, команда жүлде үшін күресу мүмкіндігінен айырылды.
Дереккөз: olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или