Этникалық қазақ қызы Ақнәр Ардаққызы Харбиндегі Азия ойындарында жеңімпаз атанды

Этникалық қазақ қызы Қытай құрамасында Азиада алтынын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Этникалық қазақ қызы Ақнәр Ардаққызы Харбиндегі Азия ойындарында жеңімпаз атанды. Ол конькимен жүгіру спортындағы әйелдер арасындағы командалық жарыстың финалында Хань Мэй және Ян Биньюймен бірге Қытай командасының құрамында қатысып, қарсыластарынан озып шықты.
Ақнар Ардаққызы 1999 жылы 1 маусымда Шытызы ауылында (Хутуби ауданы, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Қытай) дүниеге келген. Ол жас кезінен қысқы спорт түрлерімен айналысып, бастапқыда шорт-трекпен, кейіннен конькимен жүгіру спортына ауысты.
Бұл жеңіс Ардаққызының спорттық мансабындағы ең ірі жетістіктерінің бірі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или