Кёрлингтен Қазақстан құрамасы Кореядан ұтылды

Кёрлингтен Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореямен ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін Харбиндегі қысқы Азия ойындарында кёрлингтен ерлер Ұлттық құрамасы А тобында Оңтүстік Кореяға есе жіберді. Есеп: 2-12.
Біздің спортшылар 2-ші және 4-эндте таразы басын теңестірген. Алайда осыдан кейін біздің ойыншылар қарсыластың қарқынына төтеп бере алмады.
Біздің команданың құрамы: Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Ермек Мұсайынов, Арман Ирджанов.
Еске сала кетейік, кеше ерлер командасы Қытайдың Тайпейімен кездесіп, жеңіске жеткен. Ертең ерлер құрамасы Астана уақытымен 11:00-де Қырғызстанмен шеберлік байқасады.
Дереккөз: olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или