Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Азия ойындарында өнер көрсетті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Азия ойындарында өнер көрсетті

11 ақпанда, Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан жарыстар басталды. Қазақстан атынан алғашқы болып Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова өнер көрсетті.

Спортшылар Харбинде мұздағы би бағдарламасы бойынша ел намысын қорғауда. Ритмдік би қорытындысы бойынша олар 55,02 ұпай жинап, уақытша бесінші орынға тұрақтады.

Көшбасшылықты Жапония жұбы өз қолына алды – 68,88 ұпай. Одан кейінгі орында Қытай жұбы – 64,29. Ал үшінші нәтиже тағы бір жапондық жұпқа тиесілі – 63,21.

Айта кетейік, 12 ақпанда еркін бағдарлама өтеді, оның нәтижесінде жүлдегерлер анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или