Қазақстан құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын бастады

Қазақстан құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын бастады

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншылары Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«10 ақпанда Қазақстан құрамасы Белекте (Түркия) алғашқы оқу-жаттығу жиынын сәтті бастады. Оқу-жаттығу 18 ақпанға дейін жалғасады. Оқу-жаттығу жиынының басты мақсаты – ұлттық құрамаға үміткерлерді іріктеу. Сондықтан бапкерлер штабы бұл оқу-жаттығу жиынына ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды», - деп жазады ҚФФ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев. Команда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеуді наурыз айында бастайды, өз тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или