Қайрат Нұрдәулетов «Жетісудың» нашар нәтижелерінің себебін айтты

Қайрат Нұрдәулетов «Жетісудың» нашар нәтижелерінің себебін айтты

Қазақстандық бапкер Қайрат Нұрдәулетов Sport+ телеарнасында Pluste Bol бағдарламасы аясында былтырғы жылғы маусымда «Жетісу» командасымен Чемпионаттағы төмен нәтижелердің басты себептерін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Құлдыраудың себептері көп болды. Біріншіден, жазда, бірінші айналым біткеннен кейін кеткен ойыншылардың орнын баса алмадық. Виктор Брага Мажарстан чемпионатында „Дебреценге“ ауысса, Мосиашвили „Тобылға“ сатылды, шабуылшы Чиканчи Ресей клубынан шақырту алды, ал Добай жарақатына байланысты ұзақ уақытқа ойнауға мүмкіндік алмады. Біз команданың 40% футболшыларынан айырлып қалдық. Олардың орнын жоқтатпайтын тең дәрежедегі жаңа футболшыларды ала алмадық. Осы басты себеп. Сонымен қатар бізге қосалқы құрамда ойыншылар саны жетіспеді. Бастапқы құрамда ойнаған жігіттер демалмай өнер көрсеткен соң, шаршап қалып жүрді. Үшіншіден, біз де, бапкерлер штабы, қателіктер жіберген сияқтымыз. Мүмкін кей кездері футболшыларға күш салып жібердік пе», — деді қазақстандық маман. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или