«Оқжетпес» Ресейдегі аутсайдер клубтан жеңілді

Көкшетаудың «Оқжетпесі» Түркияның Сиде қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Ресейдің «Тюмень» клубымен жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын қазақстандық клубтың жеңілісімен аяқталды - 0:2. «Тюмень» сапында голдарды Денис Талалай (62-минутта) мен Оливье Кенфак (76-минутта) соқты.
Еске сала кетейік, өткен маусымда «Оқжетпес» Қазақстан Бірінші лигасында өнер көрсетіп, маусымды бірінші орынмен аяқтап, Премьер-лигаға оралған еді. Ал «Тюмень» қазіргі таңда Ресейдің екінші дивизионында ойнап, 21 турдан кейін небәрі 12 ұпай жинап, 18-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или