Черчесовті босату қателік пе? Ресейлік бапкер пікірін айтты

«Акрон» клубының бас бапкері Заур Тедеев Қазақстан футбол федерациясының басшылары ресейлік маман Станислав Черчесовті қызметінен босату арқылы қателік жіберді деп санайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тедеевтің пікірінше, Черчесовке өзін көрсетуі үшін уақыт беру керек еді.
— Черчесовтің Қазақстанда сәтсіздікке ұшырағанына таңғалдыңыз ба?
— Мұнда таңғалу немесе таңғалмау мәселесі емес… Қазақстан футболындағы жағдай маған белгілі, ол жерде бәрі оңай емес. Менің ойымша, осындай қысқа мерзімде бірдеңеге қол жеткізу кез келген адам үшін мүмкін емес, бұл жағдайда Станислав Саламұлында да солай. Мұндай жағдайда бапкер үшін уақыт өте маңызды. Олар онымен тым жылдам қоштасты деп ойлаймын, бұл — үлкен қателік, — деді Тедеев «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында.
Черчесовтің Қазақстан құрамасынан кеткені 27 қаңтарда белгілі болды. Оның келісімшарты екі жақтың ортақ шешімімен тоқтатылғаны айтылды. Черчесовпен бірге оның бүкіл бапкерлік штабы да қызметінен босатылды.
Айта кетейік, ресейлік маман Қазақстан ұлттық құрамасын алты матчта басқарды (бес жеңіліс, бір тең ойын). Бұған дейін ол Ресей құрамасын және бірнеше ресейлік пен шетелдік клубтарды, соның ішінде Венгрия чемпионы атанған «Ференцварошты» жаттықтырған.