Қытайда тағы бір қандасымыз қысқы Азия ойындарының жүлдегері атанды

Қытайда тағы бір қандасымыз қысқы Азия ойындарының жүлдегері атанды

Қытайда туып-өскен тағы бір қандасымыз Қанағат Мұхаммедұлы конькимен жүгіруден IX қысқы Азия ойындарының жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Нақтырақ айтсақ, Харбинде өтіп жатқан қысқы Азияда ойындарында Қытай құрамасының атынан сынға түсіп жатқан Қанағат Мұхаммедұлы 5000 метр қашықтыққа конькимен жүгіруден қола медальға қол жеткізді.

Ол аталған қашықтықты 6:31.54 секундта жүгіріп өтті. Бұл сайыс түрінен барлық жүлдені жарыс қожайындары қанжығаларына байлады. Атап айтсақ, алтын жүлдені Қанағат Мұхаммедұлының командасы Ву Ию 6:27.81 нәтижесімен жеңіп алса, күміс медальға тағы бір қытайлық спортшы Лию Ханбин еншіледі. Ол аталған қашықтықты 6:29.93 уақыт көрсеткішімен бағындырды.

Айта кетейік, Қанағат Мұхаммедұлы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Алтай ауылында 1999 жылы дүниеге келген.

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или