Волейбол: «Берел» командасы «Қарағандыдан» жеңіліп қалды

Талдықорған қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының төртінші турында «Берел» (Өскемен) мен «Қарағанды» шеберлік байқасты, деп хабарлайды Prosports.kz
Ришат Гилязутдинов жаттықтыратын өскемендіктер 64 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұрса, «Қарағанды» (бас бапкері Нұрлан Садықов) – үздік төрттіктен үміткер команданың бірі.
Қарағандылықтар бұл бәсекеде 3:0 (25:20, 25:18, 25:23) есебімен жеңіске жетіп, 50 ұпаймен төртінші сатыға табан тіреді. Төртінші орын тағдыры сейсенбі күні өтетін «Қарағанды» - «Тұран» матчында шешіледі.
Сол секілді ертең «Алматыны» жеңсе, «Берел» де үшінші орында тұрған «Қуанышқа» бәрібір жеткізбейді. Сөйтіп «Жетісумен» бірге жартылай финалға бірден жолдама алады.