Азия ойындары-2025: Қазақстан ерлер құрамасы Филиппинге есе жіберді

2025 жылғы қысқы Азия ойындары аясында 10 ақпан күні керлингтен Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңде екінші ойынын өткізді.
Қазақстан атынан Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Ермек Мұсайынов, Арман Ирджанов өнер көрсетті.
Отандастарымыз Филиппиндерге қарсы матч өткізді. Тартысты бәсекеде Филиппин құрамасы 1:4 есебімен жеңді.
Айта кетейік, ұлттық құрама 11 ақпан күні Астана уақытымен сағат 11:00-де Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или