«Қайсар» капитанымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Қайсар» капитанымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Қайсардың» жартылай қорғаушысы Думан Нәрзілдаев қызылордалық клубпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Капитан бізбен бірге! «Қайсар» футбол клубының капитаны Думан Нәрзілдаев командасымен жаңа келісімшартқа отырды. Думан жаңа маусымда «Қасқырлар» мақсатына жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. «Жасыл алаңда сәттілік, Кэп! — деп жазды «Қайсардың»баспасөз қызметі.

Қазақстан чемпионатының өткен маусымында Думан Нәрзілдаев «Қайсар» сапында 19 кездесу өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді. 2024 жылғы ҚПЛ-да «Қайсар» сегізінші орын алды. Нәрзілдаев бүкіл мансабын дерлік «Қайсарда» өткізді. Думан команда сапында 2012-2021 және 2024 жылдан бері өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или