Сергей Хижниченко командасымен келісімшартын ұзартты

33 жастағы қазақстандық шабуылшы Сергей Хижниченко усть-каменогорлық «Алтаймен» келісімшартын ұзартты.
Хижниченко — усть-каменогорлық футбол мектебінің тәрбиеленушісі, 16 жасында «Восток» құрамында дебют жасаған. Ол «Атырау», «Ақтөбе», «Тобыл», «Шахтер», «Астана», «Ордабасы» және «Ақсу» клубтарында ойнады. Сондай-ақ оның карьериасында поляк «Корона Кельце» және белоруссиялық «Шахтер» (Солигорск) командалары да болған.
2024 жылдың 7 сәуірінде Сергей Хижниченко «Алтай» құрамында «Қайрат-Жастарға» (0:1) қарсы ойында алаңға ауыспалы ойыншы ретінде шықты. Бұл ойыншының 715 күннен кейінгі алғашқы ресми матчы болды. Шабуылшының келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін ұзартылды.
Өткен маусымда Сергей «Алтай» үшін 15 матчқа қатысып, 5 гол салды.
Естеріңізге сала кетейік, «Алтай» Қазақстанның Бірінші лигасында өнер көрсетеді.