ММА. UFC 312 турнирі. 09.02.2025. Тікелей трансляция

ММА. UFC 312 турнирі. 09.02.2025. Тікелей трансляция

9 ақпан күні таңертең Австралияның Сидней қаласында UFC 312 нөмірлі турнирі басталады, басты жекпе-жекте Дрикус Дю Плесси (22-2) мен Шон Стрикленд (29-6) орта салмақта чемпиондық реваншы өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Қос файтер арасындағы жекпе-жек Канадада UFC 297 турнирінде өтіп, Дрикус төрешілер шешімімен ұтқан еді. 

Екінші маңызды шайқаста қытайлық Вейли Чжан (25-3) жеңілмеген америкалық Татьяна Суареспен (10-0) жұдырықтасады. Бәске жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу тігілген.

Сиднейдегі торға ТМД елдерінен жалғыз файтер ресейлік Вячеслав Борщев (8-4-1) шығады, ол австралиялық Том Ноланмен (8-1) кездеседі.

Турнир Қазақстан уақыты бойынша 9 ақпан күні таңғы сағат 4:30-да басталады деп жоспарланған. Жекпе-жек кешінің тікелей трансляциясын мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или