Жұмабеков Алматыдағы беделді турнирде ресейлікті әсерлі нокаутқа жіберді

Жұмабеков Алматыдағы беделді турнирде ресейлікті әсерлі нокаутқа жіберді

Қазақ спортшысы Жұман Жұмабеков Алматыда өткен Nomad Fighting Championship 12 атты жалаң жұдырық жекпе-жек турниріне қатысты.

Жұмабеков (Nomad FC лигасындағы рекорды — 5-0) ресейлік Расул Мирзаевпен (дебют) жекпе-жек өткізді.Жеңіл салмақтағы бұл кездесу екі минуттан бес раундқа жоспарланған болатын. Алайда, Жұмабеков екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Айта кету керек, Жұман жалаң жұдырық жекпе-жектеріндегі алтыншы жеңісіне қол жеткізсе, Расул Мирзаев алғаш рет жеңіліс тапты.Ал спортшылардың аралас жекпе-жектегі (ММА) көрсеткішіне келсек, Жұмабековтің рекорды 14-8 болса, Мирзаевтікі — 19-4.

Жұмабеков соңғы рет кәсіби ММА жекпе-жегін қараша айында өткізіп, бірінші раундта ирандық Абхилаш Раутты (4-4) жеңген болатын.Ал Мирзаев өткен жылдың мамыр айында октагонға шығып, екінші раундта өз отандасы Умар Магомедовті (3-1) нокаутқа жіберген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или