ACA 183 турнирінде екі ресейлік файтер арасындағы жекпе-жек күтпеген нәтижемен аяқталды

8 ақпанда Краснодарда өткен ACA 183 турнирінде орта салмақтағы Гран-при финалы өтті. Бұл кездесуде Магомедрасул Гасанов пен Шамиль Абдулаев чемпиондық атақ үшін бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz
Жекпе-жек Гасановтың бірауыздан қабылданған жеңісімен аяқталды. Осылайша, ол ACA орта салмақтағы Гран-при чемпионы атағын жеңіп алды.
Қазіргі таңда Гасановтың ММА-дегі рекорды – 21 жеңіс, 2 жеңіліс. Ал Абдулаевтың көрсеткіші 15 жеңіс, 2 жеңіліс болып қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или