«Барселона» 34 жастағы ардагермен келісімшартты ұзартпақ

«Барселона» 34 жастағы ардагермен келісімшартты ұзартпақ

«Барселона» 34 жастағы қақпашы Войчех Щенсныймен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sport.es мәліметінше, польшалық футболшымен келісімді ұзарту туралы соңғы шешім осы маусым аяқталғаннан кейін қабылданады.

Щенсный жарақатынан айыққан Марк-Андре тер Штеген негізгі құрамға оралғаннан кейін де каталониялық клубта тағы бір маусым қалуға дайын, тіпті қосалқы қақпашы рөлін атқаруға қарсы емес. Сондай-ақ 34 жастағы футболшы мен оның отбасы Испанияда жайлы сезінеді. Оған қоса, командада оның отандасы әрі досы, шабуылшы Роберт Левандовскийдің болуы да маңызды факторлардың бірі саналады.

Щенсный «Барселона» сапына өткен жылдың қазан айында қосылған. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирде сегіз матч өткізіп, оның төртеуінде қақпасын голдан аман сақтап қалды. Қазіргі келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін күшінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или