Константин Борцов - қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері

Константин Борцов - қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері

Шаңғы жарысынан Харбинде өткен 2025 жылғы Азиада финалында үшінші болып келген қазақстандық шаңғышы Константин Борцов күміс жүлдеге ие болады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы спринтте марапаттарды қайта бөлу жапондық спортшы Харуки Ямашитаның "жарысқа тыйым салынған материалдарды қолданғаны" үшін жарыстан шеттетілуіне байланысты орын алды.

Осылайша, Константин Борцов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ал қола медаль қытайлық Салике Саймухайерге бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или